Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық: оған қалай қарсы тұру керек

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің және қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең маңызды мәселелердің бірі. Ол азаматтардың сенімін төмендетіп, мемлекеттік функциялардың тиімді орындалуына тосқауыл қояды және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді.

Ветеринария саласы азық-түлік қауіпсіздігімен, жануарлар мен адамдардың денсаулығымен тығыз байланысты. Сондықтан мамандардың адалдығы мен ашықтығы ерекше маңызды.

Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріністері мыналар болуы мүмкін:

         • ветеринариялық құжаттарды беру үшін заңсыз ақша алу;

         • тексеру жүргізу кезінде қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану;

         • жеке тұлғаларға немесе шаруашылықтарға артықшылық көрсету;

         • ветеринариялық ережелердің бұзылуын жасыру.

Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында ауданның ветеринариялық қызметінде жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде:

         • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру;

         • қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру;

         • мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ашықтығына бақылау жасау;

         • барлық азаматтар мен шаруашылықтар үшін тең жағдай жасау.

Не істеу керек?

         • Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөмірі арқылы немесе «Антикор» порталы арқылы хабарлаңыз;

         • Заңсыз әрекеттерге қатыспаңыз;

         • Адал және жауапты болыңыз!

09.01.2026
Қараулар: 33