Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл


Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары, егер сіз Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз Сізден бірден мына телефонға қоңырау шалуыңызды сұраймыз +7 (7152) 36-01-62 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Call Center 1424

Мекенжайы 01000, Астана қ., С. Сейфуллин көшесі 37

Канцелярия +7 (7172) 90-90-86, +7 (7172) 90-91-29

Канцелярия факс +7 (7172) 90-91-73

Жедел кезекші +7 (7182) 90-92-60

Email antikorruption@nab.gov.kz

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды 

2026 жылғы 23 қыркүйекте «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қаралды.

Отырыс барысында анықталған тәуекелдер, оларды азайту шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы және ішкі бақылауды одан әрі күшейту мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

ХАБАРЛАНДЫРУ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) нәтижелерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға жүргізілген талдау нәтижелерімен танысуға және оларды жария талқылауға қатысуға мүмкіндік беру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

2026 жылғы 23 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-да жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.

Өткізілетін орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК ғимараты.

Мекенжайы: Аққайың көшесі, 2А.

Жария талқылауды өткізу туралы ақпарат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері 2026 жылғы 16 қыркүйекте кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Мүдделі тұлғалар жария талқылауға қатысуға, жүргізілген талдау нәтижелерімен танысуға, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге шақырылады.

Жария талқылауды өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау кезінде ашықтықты, жариялылықты және мүдделі тұлғалардың пікірін ескеруді қамтамасыз етуге бағытталған.

АНОНС Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2026 жылғы 10 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Талданатын кезең:

2025 жылдың III–IV тоқсандары;

2026 жылдың I–II тоқсандары.

Талдау барысында станция қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту тұрғысынан бағалау жүргізіледі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының және ішкі нормативтік құжаттардың сақталуы қарастырылады.

Талдау қорытындысы бойынша тиісті тұжырымдар жасалып, қажет болған жағдайда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді жетілдіру бойынша шаралар әзірленеді.

Жүргізу кезеңі: 10.09.2026 – 30.09.2026

Талданатын кезең: 2025 жылдың III–IV тоқсандары, 2026 жылдың I–II тоқсандары.

 

Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары, егер сіз Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз Сізден бірден мына телефонға қоңырау шалуыңызды сұраймыз +7 (7152) 36-01-62 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Call Center 1424

Мекенжайы 01000, Астана қ., С. Сейфуллин көшесі 37

Канцелярия +7 (7172) 90-90-86, +7 (7172) 90-91-29

Канцелярия факс +7 (7172) 90-91-73

Жедел кезекші +7 (7182) 90-92-60

Email antikorruption@nab.gov.kz

 

 

Сыбайлас жемқорлық-бұл біздің қоғамға қауіп төндіріп қана қоймай, біз жақсы әлемді жеткізуге міндетті болашақ ұрпақ үшін де қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің болашағы үшін күрес.

Жақсы есім мен беделден қымбат ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен байланыста болу арқылы оларға қауіп төндірмеңіз.

Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттік қызметшілердің немесе оларға теңестірілген өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында не үшінші тұлғалар үшін заңсыз пайдалануы, сол сияқты осы адамдарға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру. "Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК-да жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылдың ашықтығын бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде. Біздің кәсіпорын үш Мемлекеттік қызмет көрсетеді "Ветеринариялық анықтама беру", "Ветеринариялық паспорт беру" және "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)". Мемлекеттік қызметтер ТЕГІН көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК ВАКР өткізу туралы хабарландыру 2025 жылғы 14-31 шілде аралығында ветеринариялық станцияда келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:

1) кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады.

Қатысу мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 4 шілдеге дейін 8-715-34-2-18-87 немесе WhatsApp: 8-702-255-72-57 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН НЕМЕСЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ӨЗГЕШЕ ТҮРДЕ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН (КӨРСЕТКЕН)

АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

(Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген)

 

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының      10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес.

Көтермелеу алу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға не әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс қозғаған органға көтермелеу туралы өтінішті, жеке басын куәландыратын құжатты және қолданыстағы банктік шоты көрсетілген екінші деңгейдегі банктің анықтамасын ұсына отырып жүгінеді.

Көтермелеу әкімшілік жаза қолдану туралы сот шешімі немесе айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін ғана төленеді.

 

қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН СӨЗ ЖЕТКІЗГЕНІ ҮШІН 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауаптылық көзделген

(Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы).

 

Анықтама телефондары:

8 (7152) 469493, 8 (7152) 462643

ӨТІНІШ (DOCX 22 Kb)

 

 

ВАКР тыңдауының хаттамасы (ZIP 413 Kb)

ВАКР талқылау хаттамасы (PDF 1862 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (DOCX 37 Kb)

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы улгілік ережені бекіту туралы (ZIP 23 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл туралы ҚР заңы 2015 ж. 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ (PDF 174 Kb)