Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық: оған қалай қарсы тұру керек

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің және қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең маңызды мәселелердің бірі. Ол азаматтардың сенімін төмендетіп, мемлекеттік функциялардың тиімді орындалуына тосқауыл қояды және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді.

Ветеринария саласы азық-түлік қауіпсіздігімен, жануарлар мен адамдардың денсаулығымен тығыз байланысты. Сондықтан мамандардың адалдығы мен ашықтығы ерекше маңызды.

Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріністері мыналар болуы мүмкін:

         •        ветеринариялық құжаттарды беру үшін заңсыз ақша алу;

         •        тексеру жүргізу кезінде қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану;

         •        жеке тұлғаларға немесе шаруашылықтарға артықшылық көрсету;

         •        ветеринариялық ережелердің бұзылуын жасыру.

Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында ауданның ветеринариялық қызметінде жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде:

         •        сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру;

         •        қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру;

         •        мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ашықтығына бақылау жасау;

         •        барлық азаматтар мен шаруашылықтар үшін тең жағдай жасау.

Не істеу керек?

         •        Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөмірі арқылы немесе «Антикор» порталы арқылы хабарлаңыз;

         •        Заңсыз әрекеттерге қатыспаңыз;

         •        Адал және жауапты болыңыз!

06.11.2025
Қараулар: 68