2026 жылғы 03 шілдеде СҚО әкімдігі ветеринария басқармасының «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелерін қарау бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында 2026 жылғы 11–24 маусым аралығында СҚО әкімдігі «Цифрлық технологиялар басқармасы» КММ жүргізген тексерудің қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін сақтау, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ішкі бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібін сақтау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Қараулар: 40