2026 жылғы 10 шілдеде Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Ветеринария қызметкерлері күніне арналған облыстық салтанатты іс-шара өтті

Іс-шара барысында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ басшысы Ж. К. Әміржанов ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ветеринария саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ахметов Р.С., ветеринариялық фельдшерлер Рүстемов Ш.М. және Қазанбаев Б.С. марапатталды.
Іс-шара барысында ветеринария мамандарының еңбегінің маңыздылығы, олардың еліміздің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, жануарлар денсаулығын сақтаудағы және аса қауіпті аурулардың алдын алудағы рөлі ерекше аталып өтті.
Ветеринария басқармасының басшылығы сала қызметкерлеріне кәсібилігі, жауапкершілігі және ветеринария саласының дамуына қосқан көпжылдық үлесі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және қызметтеріне толағай табыс тіледі.

14.07.2026
Қараулар: 45