ХАБАРЛАНДЫРУ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) нәтижелерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға жүргізілген талдау нәтижелерімен танысуға және оларды жария талқылауға қатысуға мүмкіндік беру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

2026 жылғы 23 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-да жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.

Өткізілетін орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК ғимараты.

Мекенжайы: Аққайың көшесі, 2А.

Жария талқылауды өткізу туралы ақпарат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері 2026 жылғы 16 қыркүйекте кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Мүдделі тұлғалар жария талқылауға қатысуға, жүргізілген талдау нәтижелерімен танысуға, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге шақырылады.

Жария талқылауды өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау кезінде ашықтықты, жариялылықты және мүдделі тұлғалардың пікірін ескеруді қамтамасыз етуге бағытталған. 

16.09.2026
Қараулар: 4