Мемлекеттік рәміздер күні – елдігіміздің нышаны!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні 2025 жылғы 4 маусымда елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күн – халқымыздың тарихы мен тәуелсіздігінің символына айналған Ту, Елтаңба және Әнұран сынды қасиетті белгілерге деген зор құрметтің көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен бірлігінің, халқымыздың рухы мен болмысының айқын бейнесі. Олар - әрбір азаматтың отансүйгіштігі мен ұлттық мақтаныш сезімін оятатын қасиетті ұғымдар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. Осы күннен бастап бұл күн еліміздің тарихында ерекше мәнге ие.

 

04.06.2025
Қараулар: 22