Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы, «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК бекітілген ереже мен қызметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді:
- Ветеринариялық анықтама беру
- Ветеринариялық паспорт беру
- Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Мемлекеттік қызметтер тегін, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, ауыл шаруашылығы жануары иесінің өтініші бойынша қатаң түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық станция ғимаратында ақпараттық стенд, брошюралар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы өтініштердің үлгілері және оларды көрсету тәртібі бар.
Мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушіге жүгіне алады;
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақытылығы,жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК сенім телефоны бойынша 8(71534)2-12-86.
СҚО Щал ақын ауданы Сергеевка қаласы, Крымская көшесі 2А
Қараулар: 59