Мемлекеттік ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер

Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы кәсіпорын болып табылады және келесі 3 мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  • Ветеринариялық анықтама беру
  • Ветеринариялық паспорт беру
  • Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

Мемлекеттік қызметтер ТЕГІН көрсетіледі және тек ауыл шаруашылығы жануарының иесінің өтініші (жүгінуі) негізінде жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету нысаны – электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық станция ғимаратында ақпараттық стенд, парақшалар, мемлекеттік қызметтер мен оларды көрсету тәртібі туралы өтініштердің үлгілері орналастырылған.

Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстан, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінен алуға болады:

(https://www.instagram.com/vetshn/(https://www.facebook.com/profile.php?id=100047289308167... https://vet-shn.sko.kz/page/read/Gosudarstvennye_uslugi.html)

Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!

Мемлекеттік қызмет алу үшін Сіз өзіңіздің ауылдық округіңіздегі ветеринариялық пунктке немесе Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы ШЖҚ МКК-не жүгіне аласыз.

Біздің мекенжайымыз: Сергеевка қаласы, Қырым көшесі, 2А үй.

02.02.2026
Қараулар: 7