«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-не қарасты «Шал ақын ауданының ветеринария станциясы» ШЖҚ КМК-ның жобалары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өтті:
- Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы
- Қалдықтарды басқару бағдарламасы
- Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
2025 жылдың 05 желтоқсанында «Шал ақын ауданының ветеринария станциясы» ШЖҚ КМК ғимаратында кәсіпорынның экологиялық паспортының жобасы, сондай-ақ ілеспе экологиялық құжаттары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Талқылауға келесі жобалар ұсынылды:
- Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы;
- Қалдықтарды басқару бағдарламасы;
- Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Баяндаманы «Green Inсotpe» ЖШС сарапшылары дайындады. Қатысушыларға есептеулер, экологиялық көрсеткіштер, қоршаған ортаға әсерді төмендету жөніндегі іс-шаралар ұсынылды.
Тыңдау барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды, экологиялық паспорт жобасы бойынша ескертулер түскен жоқ. Тыңдаулар өткізілді деп танылды.
Аудан экологиясы мәселелеріне қатысқаны және назар аударғаны үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.

Қараулар: 7