Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 24 сәуір Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыру мақсатында Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясына "СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ жетекші маманы О. С. Сейдахметов және Шал ақын ауданы "AMANAT" партиясының аумақтық филиалының жауапты хатшы Ж.А. Қасенова келді.

Шал ақын ауданының Ветеринариялық станциясының директорының міндетін атқарушы - Р.С.Ахметов қатысушыларға ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы: "Ветеринариялық анықтама беру", "Ветеринариялық паспорт беру" және "Ауыл шаруашылығы жануарларының мәліметтерін өзектендіру (түзету)"туралы айтып берді. Сондай-ақ, қонақтарға мамандардың жұмыс орындары, стендтер, көрнекі үгіт, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер брошюралары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбелері көрсетілді.

24.04.2026
Қараулар: 13