Жылқылардағы мыт ауруы — әр адам білуі керек!

Мыт — жылқылар арасында оңай таралатын, бактерия әсерінен пайда болатын жұқпалы дерт. Аурудың қоздырғышы — Streptococcus equi. Көбіне жас тай-құнандар мен әлсіреген мал тез ауырады.

Аурудың белгілері:

* Дене температурасының жоғарылауы

* Мұрыннан қою немесе іріңді бөлінділердің шығуы

* Жақ асты лимфа түйіндерінің ісінуі және ауырсынуы

* Әлсіздік, тәбеттің төмендеуі

* Ірің жиналған түйіндердің пайда болуы және жарылуы

Инфекция өте жылдам таралады!

Ауру жылқымен жанасу кезінде, сондай-ақ лас су, жем-шөп, құрал-жабдықтар мен төсеніш арқылы жұғады.

Алдын алу жолдары:

* Ауырған жылқыны сау табыннан бөлек ұстау

* Қорадағы тазалықты сақтау

* Дезинфекцияны тұрақты жүргізу

* Ветеринардың кеңесімен вакцина егу

Күмәнді белгілер байқалса — дереу ветеринар маманға жүгіну қажет

 

05.12.2025
Қараулар: 20