2024 жылғы желтоқсанның 13-де Шал ақын ауданының Ветеринариялық станциясының директоры С.Қ. Кокашевтың басшылығымен дөңгелек үстел өтті

Кеңеске ветеринариялық фельдшерлер мен ветеринариялық станция мамандары қатысты.
1. Ветеринариялық станция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ішкі құжаттары туралы.
2. Кәсіпорын қызметкерлерінің Корпоративтік этика және қызметтік мінез-құлық кодексі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
4. «Ветеринариялық паспорт беру», «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы.
Комплаенс қызметінің маманы А.Ж. Сыздық ұжымды кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі қағидаттарымен және нормаларымен таныстырды.
 
18.12.2024
Қараулар: 85