Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер – бұл қызмет алушылардың өтініші бойынша жекелей тәртіпте жүзеге асырылатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған, тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді ұсыну түріндегі жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (ШЖҚ “Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы” МКК) және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасы бекітілген ережелер мен стандарттарға сәйкес үш түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  • Ветеринариялық анықтама беру
  • Ветеринариялық паспорт беру
  • Ауыл шаруашылығы жануарларының деректерін өзектендіру (түзету)

Мемлекеттік қызметтер тегін, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, мал иесінің өтініші негізінде көрсетіледі. Қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық станция ғимаратында ақпараттық стенд, брошюралар, өтініш үлгілері және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер мен оларды көрсету тәртібі бар.

Мемлекеттік қызметке өтініш қабылдау және нәтижесін беру уақыты – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес.

Ветеринариялық анықтама беру

Ветеринариялық анықтама – бұл уәкілетті орган беретін, бақыланатын тауарлар бойынша олардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін және өндірілген аумақтардың жұқпалы аурулар бойынша (оның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулар) қолайлығын растайтын құжат.

Ветеринариялық анықтама 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

Республикадан тыс жерлерге тірі жануарларды, жануар тектес өнімдерді, техникалық шикізаттарды, жем және жемдік қоспаларды тасымалдау үшін ветеринариялық анықтама талап етіледі. Анықтама тек Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.

Анықтама түрлері:

  • №1-форма – тірі жануарларға (ІҚМ, ҰҚМ, шошқа, жылқы және т.б.)
  • №2-форма – жануар тектес өнімдер мен шикізатқа (сүт өнімдері, балық, бал, жұмыртқа және т.б.)
  • №3-форма – техникалық шикізат, жем және жемдік қоспаларға (мүйіз, тері, арпа және т.б.)

Аталған құжаттар шекаралық бақылау бекеттерінен кедергісіз өтуге мүмкіндік береді.

Ветеринариялық паспорт беру

Ветеринариялық паспорт – бұл жануар туралы, иесі туралы және жүргізілген ветеринариялық шаралар (вакцинация, дегельминтизация, бүрге мен кенеге қарсы өңдеу, хирургиялық араласулар, көбею, диагностика, электрондық чип және т.б.) туралы ақпарат енгізілетін құжат.

Паспортқа жануар туралы мәліметтер де енгізіледі: суреті, аты, туған күні, жынысы, тұқымы, иесінің аты-жөні және мекенжайы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

  • ветеринариялық паспорт беру,
  • ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру,
  • ветеринариялық паспорттан үзінді беру
  • немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Паспорт қағаз түрінде беріледі.

Қызмет көрсету мерзімдері:

  1. Ветеринариялық паспорт беру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде
  2. Паспорттың телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде
  3. Паспорттан үзінді беру – 30 (отыз) минут ішінде

Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!

Мемлекеттік қызмет алу үшін ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерге немесе ШЖҚ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» МКК-ға жүгіне аласыздар.

Біздің мекенжайымыз:

Сергеевка қаласы, Қырымская көшесі, 2/А

Байланыс телефоны: 8 (71534) 2-12-87

 

03.09.2025
Қараулар: 29