Ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелер

«Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ветеринария саласында ақпараттық жүйелерді қолдану туралы аудан тұрғындарына хабарлайды.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар ветеринариялық қызметтің маңызды бөлігіне айналды. Ақпараттық жүйелер ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуға, олардың иелері туралы мәліметтерді сақтауға, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін тіркеуге мүмкіндік береді.

Ветеринария саласындағы негізгі ақпараттық жүйелердің бірі — «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (АШЖБ АЖ). Аталған жүйеде жануардың жеке сәйкестендіру нөмірі, түрі, жынысы, түсі, жасы, иесі және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтер енгізіледі.

АШЖБ ақпараттық жүйесі ауыл шаруашылығы жануарларын бірыңғай мемлекеттік есепке алуға, олардың қозғалысын бақылауға, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ветеринария саласында «Ветеринариялық қауіпсіздік», «Республикалық ветеринариялық зертхана», «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд», «Процессингтік орталық», «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» сияқты ақпараттық жүйелер мен модульдер қолданылады.

Ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің уақтылы және дұрыс енгізілуі ветеринариялық есептің сапалы жүргізілуіне, жануарлардың қозғалысын бақылауға және аудандағы эпизоотиялық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінен жануарға немесе оның иесіне қатысты мәліметтер өзгерген жағдайда ветеринариялық станцияға уақытылы жүгініп, ақпаратты өзектендіруді (түзетуді) жүргізу сұралады.

Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді уақытылы енгізу және жаңарту жануарларды дұрыс есепке алуға, ветеринариялық іс-шараларды тиімді ұйымдастыруға және ауданның ветеринариялық-санитариялық қолайлылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

03.09.2026
Қараулар: 6