Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен!

Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!

1995 жылдың 30 тамызында еліміздің Негізгі Заңы қабылданып, Қазақстан құқықтық және унитарлық мемлекет ретінде жарияланды.

Халқымыздың бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, сондай-ақ саяси тұрақтылық – біздің конституциялық жүйеміздің берік негізі болып табылады. Бірлік пен ынтымақ – қоғамымыздың басты құндылықтары.

Конституция еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы мерейлі күні баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық тілейміз. Әр шаңырақта бақыт пен береке орнасын!

29.08.2025
Қараулар: 43