Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!

Хабарлаймыз: аудандық ветеринариялық мамандар ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында жоспарлы күзгі ветеринариялық-алдын алу шараларын жүргізуді жалғастыруда.

Өңдеу жұмыстары тегін жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

• вакцинациялау,

• ауыл шаруашылығы жануарларынан қан алу,

• жануарларды сәйкестендіру,

• жылқыларды таңбалау.

Өтініш: жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, ветеринариялық мамандарға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес өз округіңіздің ветеринариялық дәрігерін уақытылы жануарлар мен құстардың бар-жоғы, сатып алынуы және орын ауыстыруы туралы хабардар ету қажеттігін ескертеміз.

 

24.08.2026
Қараулар: 4