Хабарлаймыз: аудандық ветеринариялық мамандар ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында жоспарлы күзгі ветеринариялық-алдын алу шараларын жүргізуді жалғастыруда.
Өңдеу жұмыстары тегін жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
- вакцинациялау,
- ауыл шаруашылығы жануарларынан қан алу,
- жануарларды сәйкестендіру,
- жылқыларды таңбалау.
Өтініш: жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, ветеринариялық мамандарға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Сондай-ақ, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес өз округіңіздің ветеринариялық дәрігерін уақытылы жануарлар мен құстардың бар-жоғы, сатып алынуы және орын ауыстыруы туралы хабардар ету қажеттігін ескертеміз.

06.11.2026
Қараулар: 2
Қараулар: 2