Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!
Қазіргі уақытта кәсіпорынның ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді, вакцинациялауды және қан алуды қоса алғанда, көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізуде.
Эпизоотиялық жағдайды тұрақты сақтау мақсатында және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 12-тармағына сәйкес, сіздерден ветеринариялық мамандарға олардың жұмысы барысында жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша ауылдық округтің ветеринариялық дәрігеріне немесе ветеринариялық станцияға 2-12-86, 2-12-87 телефондары арқылы хабарласуға болады.
30.04.2024
Қараулар: 94
Қараулар: 94