2026 жылғы 03 шілдеде СҚО әкімдігі ветеринария басқармасының «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-да 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың орындалуын қорытындылау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске: Шал ақын ауданының аумақтық инспекциясының басшысы Ибраев О., ветеринариялық зертхананың меңгерушісі Татаева С., ветеринариялық фельдшер Шандакова К.С., сондай-ақ бухгалтер, комплаенс-қызмет маманы, ветеринариялық дәрігерлер, ветеринариялық фельдшерлер және жануарларды ветеринариялық өңдеу операторлары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды аяқтау.
Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың орындалуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманың заңды және жеке тұлғалармен сақталуы.
Ветеринариялық зертханаға сынамаларды тапсыру.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлін сәйкестендіру және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы мәліметтерді АЖС (ИСЖ) базасына енгізу (таңбалау, чиптеу). Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларға ішкі бақылау жүргізу.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, ауыл шаруашылығы жануарлары иелерін «TORT TULIK» мобильді қосымшасында тіркеу.
Алаяқтықтың алдын алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
Кеңес қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясының директорының м.а. Р.С.Ахметов ветеринариялық мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қараулар: 35